Жүректер иман толған - бұл ай
Бақыт пен береке қонған - бұл ай
Мың айдан қайырлы болған - бір ай
Алланың нұры толып жауған - бұл ай
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң
Бұл айда аш жүрмедім бекер үшін
Рамазан - рухани тазару үшін
Жүректен қара ниет өшер бүгін
Жаратқан күнәларды кешер бүгін
Жаным шөлдеп, тәнім де әлсіреді
Шайтан емес, өзімнен әлсіредім
Бірақ бұл - сынақ қой бізге берген
Сабыр етсем, жәннатқа жол түседі
Ауыз ашарда нұрланар бүкіл ғалам
Су жұтсам - жәннаттай ләззат алам
Күткенім бекер емес, білем
Себебі сынақтан сауап алам
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң
Ай өтсе, артында сағыныш қалар
Тура жолға бізге жарқын із салар
Жеткізген оразадан оразаға
Жаратқан, разылығың бізге болар
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң
Ramadan, Ramadan
Қабыл болсын оразаң
Сауабына сан жетпес
Санасаң, санасаң